• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:26:22
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Жаңа жұмыс орындары көптеп ашылмақ

«Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында осылай деп атап көрсеткен болатын.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тетіктерінің бірі-инвестиция тарту. Бүгінде Жамбыл облысында бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылы мемлекеттік Картаға енген құны 7,3 млрд.теңгені құрайтын 5 жобаның жыл соңына дейін жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны – 471 бірлікті құрайды.

Атап айтқанда "Тараз арматура зауыты" ЖШС – «Құрылыс арматурасының өндірісі» жобасын жандандырмақ. Жобаның құны 2177 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 200 мың тонна. Жоба бойынша 297 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ал СПК "Кордай Корм" – «Қажетті жабдықтар сатып алу жолымен малға арналған құрама жем өндірісін кеңейту» жобасын қолға алады. Жобаның құны – 67 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 300 тонна жылына. Жоба бойынша 2 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

Сол сияқты "Элнур Адил Групп» ЖШС – «Ұн тарту өнімдерін өндіруді ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Жобаның құны – 1316,2 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы жылына 6000 тонна. Жоба бойынша 64 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

Бұдан бөлек «BioVet KZ» ЖШС GMP және GLP стандартына сай ветеринарлық препараттар шығаратын биокомбинаттың құрылысын жүргізбек. Жобаның құны 2 млрд. тенге. Жобаның жылдық қуаттылығы 25 млн. дозалар. Жоба бойынша 55 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ал "Kisc" ЖШС – «Құйылу цехын жаңғырту». Жобасын іске асырады. Жобаның құны 1870 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 24 мың тонна. Жоба бойынша 150 жаңа жұмыс орындары ашылады.

2019 жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жоспарға сәйкес 268,0 млрд.теңгені құрайды.

Сондай-ақ, 2020 жылы жалпы құны 122,2 млрд. теңгені құрайтын

9 инвестициялық жобаны іске асырылуы жоспарлануда, 1199 жаңа жұмыс орыны ашылуда деп күтілуде.

Барлық инвестициялық жобалардың іске асырылуы тұрақты бақылауда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір