• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:38:28
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қараша, 2019 NEWS

Алматыда 35 дәрігерлік амбулатория ашылады

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қалалықтарды «қадамдық жақындықта» әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін медицина сапасын арттыру жөнінде қандай шаралардың жүзеге асатыны туралы айтты.

Қала медицина саласындағы нақтылы істі анықтау үшін барлық медициналық мекемелерге аудит жүргізілді. Емханалар мен ауруханалардағы 30 мыңнан астам жабдықтардың 10 мың техникалық бірлігі моральдық және физикалық жағынан тозған.

«Осыған орай, әрбір медицина ұйымдары және аудандар бойынша жабдықтарды модернизациялаудың үш жылдық жоспары әзірленді. Медициналық жабдықтарды сатып алуға 60 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарлануда. 2020 жылдың өзінде 20 млрд. теңгенің жабдықтары алынатын болады», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан өзге «қадамдық жақындық» қағидасы бойынша таяудағы үш жыл ішінде жаңа ықшамаудандар мен қалаға қосылған аумақтарда 35 дәрігерлік амбулаториялар ашылады. Олардың жетеуі қазірдің өзінде жұмыс істеуде. Жыл аяғына дейін тағы үшеуі ашылады.

Алатау ауданында қарашада Жедел медициналық көмек қызметінің жаңа қосалқы стансасы ашылды, осының арқасында Әуезов және Алатау аудандарының сырқаттарына дәрігерлік бригадалардың бару уақыты 25 минуттан 11-13 минутқа дейін қысқарды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір