• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
21 Қаңтар, 08:09:26
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

08 Қаңтар, 2020 Оқиғалар

Украина ұшағы Иранда апатқа ұшырады (видео)

REUTERS

Бүгін, 8 қаңтарда Тегеран әуежайы маңында Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Иранның ақпарат құралдар хабарлады. 

Олардың жазуынша, ұшақта 180 адам болған. Ұшақ "техникалық мәселелерге" байланысты құлаған. Ақпаратты әуежай басшысы растаған. Әзірге зардап шеккендер мен қаза болғандар жайлы ақпарат тараған жоқ.

Ирандағы БАҚ-тардың жазуынша, Украинаның халықаралық авиалиниясына тиесілі ұшақ Имам Хомеини әуежайынан әуеге көтерілген кезде құлаған. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, Boeing 737 Киевке ұшып шыққан.

Reuters-дің жазуынша, Иранның азаматтық авиация ұйымының ресми өкілі Реза Джафарзадэ мемлекеттік арналарға апат орнына құтқарушылар жіберілгенін хабарлаған.

"Ұшақ өртенген, бірақ сонда да құтқарушыларды жібердік, мүмкін кейбір жолаушыларды құтқара алатын шығармыз" - деді Иранның төтенше қызметінің басшысы Пирхоссеин Куливанд.

Ілмек сөздер: Ұшақ апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір