• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
28 Ақпан, 01:20:20
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

09 Қаңтар, 2020 NEWS

"Ойлау орталығы" құрылады

Мұндай тосын жаңалық Тұңғыш Президент қорының биылғы жоспарының жариялану сәтінде айтылды. Межеге сәйкес алдағы уақытта аталған қордың негізгі бағыттары бойынша 125 іс-шара өткізу көзделген.

Фото: elbasy.kz  

Бұл туралы Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында жеткізді деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі «elbasy.kz» сайтын дерекке алып.

Кездесу барысында Әсет Исекешев қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының қызметі туралы ақпарат бере келіп:

– Әлемдік экономика және саясат институтының негізінде геосаясат, экономика, адам капиталы, сондай-ақ, әлеуметтік және аймақтық зерттеулер жүргізу үшін стратегиялық «ойлау орталығы» құрылады. Біз 20-дан астам конференциялар, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткіздік,  – деді. 

Осылайша, аты обстрактылы орталықтың нақты істейтін ісін де былайғы жұртқа обстрактылы күйде қалдырды Әсет Исекешев.

Бұдан бөлек, ол қордың әлеуметтік және білім беру салаларындағы жобаларының іске асырылуы туралы баяндап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы мәлімет ұсынды.

Оның айтуынша, 2019 жылы ұйым 95 жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында білім және ғылым саласындағы дарынды жастарды қолдау жобалары бар. Әлеуметтік салада бірқатар жобалар, соның ішінде қайырымдылық шаралары да жүзеге асырылған. Соның әсерінен 2019 жылы қор жобаларының қамту аясы айтарлықтай кеңейген.

«Кеңейген» демекші, «құраудан» құр алақан емес қор қатысушы адам санын да қатырып жіберген. Атқарушы директордың өз сөзімен тәпсірлесеңіз «Іс-шараларға қатысушылардың жалпы саны 460 мың адамды құрады» дейді ол.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір