• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:56:07
Алматы
+35°

Түркістан және Алматы облыстарындағы ауыл әкімдері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі жемқорлыққа қарсы қызметінің дерегін негізге алып. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Түркістан облысы Кентау қаласы Ескі Иқан ауылдық округінің әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оған жер учаскесінің ахуалдық схемасына қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге пара алды деген айып тағылды. Бұған дейін келісілген пара сомасы 4 миллион 150 мың теңге екен.

Әкім кінәсін мойындап, жедел тергеу жүргізуді өтінді.

Сонымен қатар, Алматы облысында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғалары күдікке ілінді. Жемқорлыққа қарсы қызмет олардың Жаңадәуір ауылындағы 10 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ал Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі шипажай, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер учаскелерін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталуда. 24 қаңтарда күдіктіге қатысты қамауда ұстау шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан пара алу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір