27 Қаңтар, 2020 NEWS
Фото: primeminister.kz
Мұндай шешім Премьер-министр Асқар Мамин халықты коронавирустан қорғау мәселелері жөнінде өкізген кеңесте айтылды. Бұл туралы " Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жиында әуелі мемлекет басшысының коронавирустың таралуына жол бермеу туралы арнайы тапсырмасы еске салынды:
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша шешуші ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды», — деді А. Мамин.
Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы келесідей кешенді алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды:
Мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және темір жол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту;
ҚХР-дан келген барлық адамдарға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық бақылау орнату;
Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету;
Қытайға қызметтік іс-сапарларды шектеу, сондай-ақ жеке істер мен туристік мақсаттарда бармауға кеңес беру;
ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушыларға ҚР аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимін уақытша тоқтату;
«Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінің жұмысын уақытша тоқтату;
ҚХР аумағындағы қазақстандық азаматтармен оларға консулдық және өзге де көмек көрсету мақсатында жұмысты жандандыру;
Мемлекеттік органдар коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақсатында ҚХР және басқа да мүдделі елдердің тиісті мемлекеттік құрылымдарымен қажетті өзара іс-қимылды ұйымдастыруы тиіс;
Қажет болған жағдайда ҚХР Ухан қаласында жүрген Қазақстан студенттері мен ҚР басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету;
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалық етуімен ведомствоаралық комиссия құру тапсырылып, оған Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу жүктелді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір