• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 20:42:05
Алматы
+35°

20 ақпандағы мәліметтер бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 75 713 адамды құрады.  2126 адам қайтыс болса,  ауруханадан шыққандар саны 16 231- ді құрады. Бұл туралы Қытайдың денсаулық сақтау органы хабарлады. 

Коронавирустың ошағы аталатын Хубей провинциясында 108 жаңа өлім тіркелді. Ал дүниежүзі бойынша 114 өлім түрі тіркелген.

Жапондық NHK телеарнасының хабарлауынша, Жапониядағы DIAMOND PRINCESS круиздік кемесінен COVID-2019 вирусының жаңа құрбандары пайда болған. Одан екі адам қайтыс болды. 

Сонымен қатар Уханьдағы 55 жастағы кинорежиссер, HUBEI FILM STUDIO компаниясының өкілі Чан Кай қайтыс болды. Кинорежиссер вирусты әпкесі екеуі ата-анасынан жұқтырған. Ауруханалардың толып кеткеніне байланысты, әкесі мен анасын ауруханаға жатқызу мүмкін болмаған. 

Чан Кайдың әкесі 25 қаңтарда қайтыс болды. Оның ыстығы көтеріліп, жөтел және демікпе мазалаған. Кейін дәл осы вирустан оның анасы да көз жұмды. Осындай жағдайлардан кейін режиссер мен оның қарындасының да қауіпті індетке душар болғаны анықталған. 

Режиссер вирустың бастапқы сатысында ем қолданудан бас тартқан. Осылайша ол 14 ақпанда бақилық болды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі достарымен және Ұлыбританияда оқитын ұлымен де қоштасқан болатын. Сондай-ақ, Чан Кайдың әпкесі де қайтыс болған. Қазір режиссердің әйелі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресуде. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір