• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:21:13
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2020 NEWS

«Ол үшін мен 12 сиыр ұстаймын»: Ауылшаруашылық колледждері өзін асырай алмай отыр

Қазақстанда бүгінде 800-ден астам аграрлық колледж бар болса, тек оның 17-сі ғана агроөнеркәсіп кешені мамандарын даярлауда. Сондай-ақ, колледжден кейін жұмыс істеуге келетін мамандардың дайындық деңгейі де төмен. Сол себепті, алдағы уақытта оқу орындары саны қысқаруы мүмкін.

Фото: kkatk.kz

 
Бұндай мәселе Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрлігі мен аграрлық колледж басшыларымен кездесу барысында көтерілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
 
«Оларды қысқартқан жөн. Аймақтағы салалық мамандануға байланысты ғана қалдыру керек. Егер аймақ экономикасы негізінен аграрлық сала әрі облыс ауыл шаруашылығына маманданған болса, онда мемлекеттік колледждер санын да соған ыңғайлау қажет. Егер колледждер көп болса олардың санын қысқарту,  ақшаны қалған колледждерге қайта бөлу және материалдық-техникалық жарақтандырудың бірыңғай жобаларын қалыптастыру және алдағы бір-екі жылда оларды оқуға қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу қажет», - деді Дариға Назарбаева.

Кездесуде Ақтөбегі жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Аманкелді Есіркепов ауыл шаруашылығы саласы мамандарын әзірлеуде құзырлы органдардың тәжірибеден өту мәселесіндегі кінәраттарды атады:

«Бізге тәжірибе жағы жетіспейді. Біздің колледждің базасында төрт түлік малдың бәрі бар. Ол үшін біз мемлекет бюджетінен ештеңе алмаймыз. Студенттердің тәжірибеден өтуін ұйымдастыру жағын қолдау керек. Сондай-ақ, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауға қатысты кітап соңғы рет 2010 жылы шыққан. Білікті мамандар даярлау үшін соңғы шыққан салалық кітаптар қажет. Екінші мәселе, ол педагогтарды қолдау мәселесі тұр», - деді Аманкелді Есіркепов.

Осы ретте, Сенат спикері орынды мәселе көтеріліп отырғанын айта келіп:

«Колледжден кейін жұмысқа алатын мамандардың дайындық деңгейі төмен, тәжірибелік дағдылары жоқ. Бюджеттен қаржы бөлінеді, есептерде бәрі дұрыс. Ал іс жүзінде мамандар тапшы», - деді ол.

"Қаржы" демекші, кездесу барысында  колледж басшылары қаражаттың тапшы болу себебін де жеткізді. Олардың айтуынша, оқу орындары жиі мал сатып алуға мәжбүр. Себебі, оны студенттердің мал шаруашылығында нақты тәжірибе жинақтауы үшін пайдаланады. 

Тіпті, сондағы директорлардың бірі :«Ол үшін мен 12 сиыр ұстаймын», - деп ашығын да айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір