21 Ақпан, 2020 NEWS

Зеленский Ухань қаласында қалып қойған украиналыққа хабарласты (видео)

Ашық дереккөз

Владимир Зеленский Уханьнан Украинаға келе алмай қалған украиналыққа хабарласты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Украиналық азаматшаның итін коронавирусқа байланысты ұшақ бортына кіргізбей қойған. 

Украиналық азаматша президентпен сөйлескен сәтін видеоға түсіріп алған. Сондай-ақ видеоны өзінің instagram парақшасына жариялады. 

Әңгіме барысында Зеленский бұл мәселені шешу өте маңызды екенін баса айтты.

"Біз жолын табамыз және міндетті түрде сізді елге қайтарамыз. Мен олардың қандай да бір себептермен итті бортқа кіргізуге тыйым салынғанын енді ғана біліп отырмын", - деді Зеленский. 

Бұған дейін украиналық өзінің итінсіз Уханнан кетуден бас тартқаны туралы хабарланған болатын.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір