• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:17:21
Алматы
+35°

Атырау облысында екі көлік қақтығысынан 5 адам қаза  тапты. Бұл туралы polisia.kz хабарлады. 

Бүгін таңертең Атырау облысында Теңіз вахталық кентінен 25 шақырым жердегі "Құлсары-Теңіз" тас жолында екі көлік соқтығысқан. Нәтижесінде 5 адам көз жұмды. 

Ресейлік тіркеудегі "Chevrolet Aveo" маркалы автокөлігінде 4 адам болған. Барлығы оқиға орнында қайтыс болды. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан екінші "Лада2131" көлігінде Батыс Қазақстан облысының тұрғындары болған. Жүргізуші сол мезетте алған ауыр жарақатынан көз жұмды. Ал екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу 345- бабтың 4-бөлігі "абайсызда екі немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол ережелерін бұзу" бойынша жүргізілуде. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көлік апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір