• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:17:40
Алматы
+35°

23 жыл бойы түрмеде отырған Ламонте Макинтайруға заңсыз сотталғаны үшін 1,5 млн доллар өтемақы берілді, деп жазды unilad.co.uk сайты. 

1994 жылы сот 17 жастағы Ламонте Макинтайруды Дональд Юинг пен Дониэль Куинді өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айырған. 

8583 күннен соң, яғни, 2017 жылдың қараша айында Вайандоттың уездік соты қылмыстық істі қайта қарап, Ламонте ақталып шығады. Өмірінің ширек ғасырын темір торда өткізген Ламонте ақталып шыққан күні 41 жаста еді. 

2019 жылы Ламонте Канзас штатына қарсы арыз жазып, мемлекеттен моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап еткен. 24 ақпанда бас прокуратура сот ісінде қате кеткенін айтты. 

тевт

1,5 млн. доллардан бөлек, ер адамға кінәсі жоқ екенін дәлелдейтін сертификат, 2020-2021 жылдардағы мемлекеттік медициналық қызметке тегін жүгіну мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ ол университетте тегін білім ала алады. Бірақ ол түрмеде өз қалтасынан ақша шығарып білім алғанын айтып, университетте тегін оқудан бас тартады. 

"Канзас штаты менің өмірімнің 23 жылын алып, қайтарымына ештеңе бермеді. Мемлекет менің жастық шағымды ұрлады. Мен әр туған күнімді темір торда өткіздім. Отбасымның қуанышын бөлісіп, қайғысында демеу бола алмадым. Олардың жанында болып, көмек көрсету керек кезде мен түрмеде болдым. Менің жиендерім дүниеге келген кезде, оларды ойната алмадым. Қазір олар есейіп, ержетті. Балалық шағымнан да ерте айырылдым. Менің сүйікті атам қайтыс болған кезде де мен түрмеде болдым.  Анам әкесінен айырылды.  Ал мен оны жұбата алмадым", - дейді Ламонте Макинтайру.

Ол түрмеден шыққан соң "Miracle of Innocence" (Кінәсіздіктің кереметі) деп аталатын коммерциялық емес ұйым ашты. Қазір заңсыз сотталып кеткендерге көмектеседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір