• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:26:03
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты COVID19 коронавирусына қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмысты бастады. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

Қаңтар айының соңында Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары 6 күн ішінде COVID-19 коронавирус ауруын жедел анықтауға мүмкіндік беретін сенімді жоғары сезімтал тест-жүйесін әзірледі. Қазақстандық тест-жүйенің тиімділігі мен жоғары сезімталдығы Ресей және Қытай диагностикумдарымен салыстырғанда расталды.

Вакцинаны әзірлеу бағдарламасы шеңберінде ең озық биотехнологиялық және гендік-инженерлік әдістерді пайдаланып 5 кандидаттық вакцина жасалатын болады. Мұндай технологияларды әлемдегі вакцина өндіру саласындағы көшбасшы кәсіпорындар пайдаланады. Кандидаттық вакциналардың 5 түрінен клиникалық сынақтар жүргізу үшін неғұрлым тиімді және технологиялық вакцина таңдалады.

Әлемнің көптеген елдері де өз вакцинасын әзірлейтінін жариялады. Алайда олардың барлығы клиникалық сынақтарды талап етеді, сондықтан бір жылдан кем емес уақытты талап етеді. Вакцина жасалғанға дейін COVID19 вирусының тез және жаппай таралуына жол бермеу керек. Бұл мемлекет қабылдаған шараларға ғана емес, әрбір адамға да байланысты. Сондықтан ауруды алдын алудың барлық шарттарын орындау қажет.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір