• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:00:56
Алматы
+35°

Бүгін, 21 наруызда Қазақстан президенті Қасым-Жомар Тоқаев елдегі пандемияға қарсы күрес жұмыстарын үйлестіретін орталықтың жұмысымен танысты. Бұл ақпаратты Ақорда сайты хабарлады. 

Ақорда хабарламасын қарғанда, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов президентке әлемде және елде коронавирустың таралуына қарсы күресті үйлестіру және мониторинг жасау әдістері, оның ішінде ауырғандарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарда цифрлық технологияны қолдану туралы баяндаған.

выап

Ал президент халықты тыныштық сақтауға шақырып, үкіметке індеттің таралуына байланысты қауесеттер мен дүрбелеңге тосқауыл қою үшін азаматтарды шұғыл әрі шынайы ақпараттармен қамтамасыз ету міндетін қойды. 

Ақорданың жазуынша, Тоқаев коронавирусқа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шараларға оң баға берді, бірақ әлі де нәтиже керек екенін айтты.

"Үкімет аз жұмыс істеген жоқ. Мамандардың бағалауынша, біз Еуропа елдеріне қарағанда айтарлықтай шұғыл әрекет етіп жатырмыз. Дегенмен бізге нәтиже керек. Халық әлі толық ақпарат ала алмай отыр. Бізде әлі күнге дейін тиісті көлемде бетперделердің жетіспейтіндігін атап айтқым келеді. Бірақ қағаз жүзінде бәрі жеткілікті. Бір жағынан халық дәріханаларда бетперделердің әлі де жоқ екенін айтып шағымдануда. Неге? Бұл алыпсатарлық деп ойлаймын" деді президент. 

Бұған қоса,Тоқаев мемлекет елдегі барлық қалаларда азаматтарға тегін маска тарата алатындай болуы керек екенін айтты. 

Президент пандемияның 160-тан астам елге таралғанын айтып, "шекаралас мемлекеттермен бірлесе әрекет еткен жөн" деді.

Оның айтуынша, елде карантин режимін сақтаудың маңызы зор.

"Бақылау-өткізу бекеттерін қойғанымыз әзіл немесе қойылым емес. Карантин режимін қатаң сақтамай, біз бұл бағытта ешқандай табысқа қол жеткізе алмаймыз. Біз карантин жағдайын қатаң сақтауға тиіспіз" деді президент.

Бұған қоса, Тоқаев отандық медицинаны, соның ішінде, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті және медицина ғылымын дамытуға баса мән беру керек екенін айтты.

"Қазір бүкіл әлемнің және бүкіл әлемдік экономиканың тағдыры ғалымдардың қолында. Бұл артық айтқандық емес. Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді. Біз осы жағдайдан сабақ алуға тиіспіз" деді ол.

Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда вирус жұқтырған 53 адам анықталды. Нұр-Сұлтанда – 28 адам, Алматыда – 22 адам, Қарағандыда – 2 адам, Алматы облысында 1 адам емделіп жатыр.

Қазақстанда Covid-19 коронавирусын жұқтырғандар алғаш рет 13 наурызда анықталған. Кейін, 15 наурызда – вирус жұқтырғандар саны сегіз адамға жеткенде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елде 16 наурыз таңғы сегізден 15 сәуір таңғы жетіге дейін төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап елдің екі ірі қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. 




 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір