31 Наурыз, 2020 NEWS
көрнекі сурет
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі онлайн оқыту бойынша дайындық жұмыстары туралы айтты.
– Ертең, 1 сәуір күні сынама түрінде арнайы сабақ жүреді. Мұғалімдер тесттік сабақтарын жүргізіп, балалардың жүйеге қосылуын тексереді. Соған сай тиісті жұмыс жүргізіледі, – деді ол.
Министр 2 сәуірде ата-аналар жиналысы өтетінін мәлім етті. Онда жүйеге қосылу, балалардың жұмысын ұйымдастыру, қашықтан оқытуды жүргізудің жайы сөз болмақ.
Ескерте кетелік, 5 сәуірде оқушылардың көктемгі каникулы аяқталып, оқушылар оқытудың онлайн жүйесіне көшеді.
Тағы оқыңыз!
♦ Аймағамбетов: Орта білім деңгейінде 4 бағыт бойынша сабақ жүргізіледі
♦ Қашықтан оқыту. 80 мың компьютер мен планшет сатып алынады
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір