• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:32:57
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2020 NEWS

Коронавирус: Індет құрбанын жеткізген жедел жәрдем жүргізушісі вирус жұқтырған

Ақмола облысында 10 адам өткір дерт жұқтырғаны расталуда. Ресми өкілдер мәліметінше, олардың жартысы аталған инфекциядан қайтыс болған тұрғынмен байланыста болған.

Көрнекі сурет

Бұл туралы Ақмола облысының бас дәрігері Сүлен Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 "Тағы бір байланыс расталды, ол жедел жәрдем машинасының жүргізушісі, 64 жастағы зейнеткер Қосшы ауылынан (науқасты - ред.) ауруханаға жеткізген. Әйел 26 наурызда астанадағы ауруханада қайтыс болды", - дейді Сүлен Ілясов.

Ақмола облысының бас дәрігерінің айтуынша, аталған инфекция зейнеткердің жұбайынан да расталған. 

Қалыптасқан індеттік жағдайға байланысты өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның шешіміне сәйкес, 31 наурыз сағат 19:00-ден бастап карантиндік режим енгізілмек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір