• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:18:18
Алматы
+35°

5 сәуір күні Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты  денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомствоның дерегінше, марқұм 1964 жылы туған. 

Қазақстанда осылайша корнавирустан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті. Бұған дейін 26 наурызда Ақмола облысыда 64 жастағы әйел адам көз жұмды. Кейін 31 наурызда Нұр-Сұлтанда бір адам, 1 сәуірде Қарағандыда бір адам қайтыс болды. Ал кеше, 4 сәуірде Түркістан және Ақмола облысында екі адам көз жұмды. 

Соңғы дерек бойынша, елде вирус жұқтырғандар 569 адамға жетті. Індеттеің елдегі бар аймаққа тарады. Ең көп жұқтырғандар Нұр-Сұлтан және Алматыда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 219
  • Алматы қаласы – 115
  • Қызылорда облысы – 31
  • Қарағанды облысы – 31
  • Түркістан облысы – 29
  • Жамбыл облысы – 28
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Атырау облысы – 23
  • Ақмола облысы – 23
  • Шымкент қаласы – 13
  • Ақтөбе облысы – 10
  • Алматы облысы – 10
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5
  • Маңғыстау облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Қостанай облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір