• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:09:39
Алматы
+35°

Ақтаудағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарының жұмыс режимі өзгерді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев мәлімдеді.

ҚР Мемлекеттік Бас санитарының 2020 жылдың 14 сәуір күнгі №33 ПГВр қаулысына сәйкес, облыстық штабтың шешімімен және сауда орындары басшылығының келісімімен Ақтау қаласының эпидемиологиялық жағдайын тұрақты ұстау мақсатында келесідей ірі сауда орындарының жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:

Ақтау қаласындағы азық-түлік сататын ірі сауда орындары, атап айтқанда:

- «Дина» гипермаркеті (33 ш/а), 17.04.2020 бастап, 9:00 – 17:00 аралығында қызмет етеді;

- «Анвар» гипермаркеті (Шығыс-2 ш/а) 17.04.2020 бастап, күнделікті сағат 9:00 – 17:00 аралығында қызмет етеді;

- «Асар-С» базарының жұмыс уақыты 18.04.2020 жылдан бастап, сағат 6:00 – 11:00 аралығында белгіленеді;

- «Мағаш» базарының («Сары» базар) жұмысы 20.04.2020 жылдан бастап, уақытша тоқтатылады.

Ал қалған азық-түлік дүкендері бұрынғы режимде жұмыстарын жалғастырады.

Ақтау қаласындағы ірі және орта кәсіпорындар мен мекемелердің қызметтік автокөліктерінің саны 50%-ға дейін қысқартылады.

Рұқсат берілген такси қызметінде жұмыс жасайтын автокөліктерінің саны 50%-ға қысқартылады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір