• USD 412.55
  • EUR 468.66
  • RUB 5.79
  • CNY 58.8

29 Сәуір, 2020 Экономика

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шығады?

primeminister.kz

 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысыда биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

  • аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);

  • фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;

  • шаштараздар (жазылу бойынша);

  • медицина орталықтары (жазылу бойынша);

  • стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);

  • жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

  • шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

2. Биылғы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. 

3. 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады. 

Өңірлердің әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдап, жұмысқа кірісетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар ТЖ кезінде ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, сыртқы сауда операцияларын жүргізу және т.б. мәселелерді қарастырды.

Ілмек сөздер: карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір