• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:08:42
Алматы
+35°

Түркістан облысының полицейлері су ортасында қалып қойған екі тұрғынды құтқарып алды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Мақтаарал ауданында су басқан ауылдарда өз қызметтерін атқарып жүрген полицейлерге, Фирдоуси ауылындағы ферма аумағында қалып кеткен адамдар көмек сұрап хабарласқан.

Хабар келісімен осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы, жанына еріктілерді алып, су басқан Фирдоуси ауылына қайықпен шұғыл жетеді. Жан-жақты мұқият қарап шығып, қалып кеткен тұрғындарға іздеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде судың ортасында тұрған екі тұрғынды тапты. Тез арада қайықтың бағытын сол жаққа бұрып, 2 адамның жанына келіп, оларды қайыққа отырғызып, басқа адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, 2 жас жігітті қауіпсіз аймаққа шығарды.

Тұрғындармен тілдесіп, сұрастыру барысында олардың жылқыларын іздеп шығып, ауылды түгел су шайып кеткеннен кейін, кері қайта алмай қалғаны белгілі болды. Жас жігіттер құтқарушы полицей мен еріктілерге алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

– Дүние-мүліктеріңіз үшін осындай көзсіз батырлыққа барудың қажеті жоқ. Ең бастысы – өз өмірлеріңіз. Су басқан үйлеріңізге, қора-жайларыңызға кіреміз деп, өз бастарыңызды қатерге тікпеңіздер. Бұл ауылдарға мүлдем кіруге болмайды, – деп полиция қызметкерлері тұрғындарды сабырлыққа шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір