• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:16:47
Алматы
+35°

Үндістанның оңтүстігінде газдан уланған жүздеген адам ауруханаға жеткізіліп, кем дегенде 13 адам қайтыс болған. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Андра Прадеш провинциясының Висакхапатнам қаласында LG Polymers зауытынан газ ағып, адамдар уланған. Дәрігерлер «жүздеген адам» ауруханаға жеткізілгенін айтады. Көбісі көздерінің көру сезімі мен тыныс алуларының қиындағанын айтып шағымданған. BBC қазірге дейін кем дегенде 13 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Жергілікті уақыт бойынша түнгі 03:00 шамасында орын алған оқиға "абайсыздықтан болуы мүмкін" дейді шенеуніктер.

24 наурыздан бастап Үндістан коронавирустың таралуын тоқтату үшін карантин жариялаған. Газдың ағып кетуі зауыт қайтадан ашылған кезде орын алған.

Мемлекеттік индустрия министрі Гоутам Редди BBC-ге "зауыт қайта ашылған кезде тиісті процедуралар мен нұсқаулар сақталмаған тәрізді" деген. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Үндістан Газ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір