• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:06:03
Алматы
+35°

9 мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Бейсенов Бағдат Қабылдаұлы қайтыс болды.

Бағдат Бейсенов 1968 жылы 14 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген.

Ол 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия бөлімінің бакалавриатын тәмәмдаған. 

1998-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің аспирантурасында оқыған.

2001-2010 жылдары ғылым философиясы және дінтану кафедрасының ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметін атқарған.

2002 жылы философия тарихы мамандығы бойынша "Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әлеуметтік философиясы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2004 жылы мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасына аудармашы ретінде қатысқан.

2010 жылы дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы мамандығы бойынша "Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтары" атты докторлық диссертацияны табысты қорғаған.

1 оқу құралының, типтік бағдарламалардың авторы, 5 оқу құралының соавторы. 70-тен астам ғылыми мақала жазған. 

"Ұлттық қауіпсіздік аясындағы діни айқындалу мәселесі" (2007-2009 жж.), "Ұлттық идея аясындағы Қазақстандағы діндер" (2008 ж.), "Қазіргі замандағы діннің рөлі" (2011 ж.) секілді ҚР БҒМ тарапынан бөлінетін іргелі жобалар аясында ғылыми қызметкер ретінде ғылыми зерттеулермен айналысты.

Бейсенов Қабылдаұлы факультет пен кафедра тарапынан тапсырылған қоғамдық жұмыстарды жауапкершілікпен, уақытында атқарды. Ғылыми-зерттеу жұмысын ұстаздық қызметпен сабақтастыра білетін, жауапкершілігі мол, әріптестері арасында құрметке ие қызметкер болған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің ұжымы Бейсенов Бағдат Қабылдаұлының дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бағдат Бейсенұлы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір