• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:05:44
Алматы
+35°

Төтенше жағдай кезінде Ұлттық қордың активтері 1,1 миллиард долларға ұлғайып, 58,5 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы бас банкир Ерболат Досаев үкімет отырысында хабарлады. 

"Сәуір айында Ұлттық қордың активтері 1,1 миллиард долларға ұлғайып, 58,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Активтер негізінен акциялар нарығы наурызда төмендегеннен кейін инвестициялық кіріс есебінен ішінара қалпына келуі нәтижесінде өсті. Қазақстанның халықаралық активтері бір айда 2,1 процентке өсіп, 89 миллиард АҚШ долларына жетті.Алдын ала деректер бойынша сәуір айында ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, негізінен, алтын портфелінің өсуі есебінен 30,5 миллиард АҚШ долларына дейін, 2,4 процентке немесе 700 миллион АҚШ долларына ұлғайды. Бағалы металл бағасы 7 процентке өсті", - деді Ерболат Досаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір