• USD 410.7
  • EUR 465.28
  • RUB 5.8
  • CNY 58.81

15 Мамыр, 2020 NEWS

Елордада оқу ақысын төлей алмай отырған студенттерге жеңілдік жасалды

ak-orda.kz

Нұр-Сұлтанның жастар саясаты басқармасы карантин кезінде ЖОО оқу ақысын төлей алмай отырған студенттердің мәселесін шешуге көмектесті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта қалада 1319 бітіруші студент оқу ақысын төлей алмай отыр.

– Бұл мәселені шешу үшін ЖОО басшыларымен бірлесе, оқу ақысын төлей алмаған 4 курс студенттерінің төлем мерзімдерін маусым айына дейін ұзартуға келістік, – деді қаланың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Оның айтуынша, университет тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге жеңілдіктер жасалынды. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 114 студентке, Технология және бизнес университеті – 72 студентке,  ҚазГЗУ – 29 студентке және «Тұран-Астана» университеті – 15 студентке жеңілдік жасаған. 

Бұған қоса, елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы шет елде білім алатын (Варшава - 85, Мәскеу - 149)  234 студентті Нұр-Сұлтан қаласына күтіп алу, оларды қонақ үйлерге жайғастыру және басқа өңірлерге жөнелту жұмыстарын жүзеге асырды. 

Сонымен қатар басқарма Қазақстанның өзге аймақтарына шет елдерден (Кипр-1, Ресей-37, Болгария-2, Польша-42 , Нидерланды-16, Таиланд-4 және Біріккен Араб Әмірліктерінен-14) ұшып келген 116 студентті елордаға арнайы автокөліктермен алып келуді ұйымдастырды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір