• USD 410.7
  • EUR 465.28
  • RUB 5.8
  • CNY 58.81

18 Мамыр, 2020 NEWS

Атырау облысындағы атысқа қатысы бар деген күдіктілердің бірі ұсталды

inform.kz

Атырау облысындағы атысқа қатысы бар деген күдіктілердің бірі ұсталды.

"15 мамырда Атырау облысы Мақат ауылында атыс болып, 1985 жылғы жергілікті тұрғын қаза тапты. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтады. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйуес, сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға болмайды", - делінген өңірлік полицейлердің хабарламасында.

Еске салайық, кеше Атырау облысында атыс болып, бір адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Ресми емес мәліметке сәйкес, жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындап, жаппай төбелес болған. Оның соңы атысқа ұласыпты. Төбелес барысында аңшылық қаруы қолданылған. 35 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан. 29 жастағы тұрғын жараланған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылған.

Ілмек сөздер: Қазақстан Атырау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір