• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:28:33
Алматы
+35°

"ҚР Президентінің осындай мәлімдеме жасауы менің пікірімше жалғыз тарихшылардың емес жалпы қоғамның көптен күткен мәселесі деп ойлаймын. Алғаш рет Қазақстандағы қуғын-сүргін мәселесі өткен ғасырдың 1990 жылдарының ортасында айтыла бастады. Ал, оның тарихи шындығы 2000 жылдары ашылды. Одан бері 15-20 жыл уақыт өткен екен. Біз өзіміздің жалпы тарихымызға бөтен біреудің тарихы деп қараймыз ба, жоқ әлде бір салғырттық көзқарасымыз бар ма ол жағын білмеймін. Бұл мәселені көтергенімен мемлекеттік деңгейде шығара алмадық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселені көтергені өте қуанышты, әрі мемлекет үшін қоғамның болашақ тарихи модернизациясы үшін ұрпақтың бойында тарихи сананы қалыптастыруда аса маңызды деп білемін.

Саяси қуғын-сүргін туралы айтатын болсақ, зерттеушілердің көпшілігі былайша айтқанда саяси қуғынмен байланыстырады, оның да ауқымын кеңейту керек. Себебі, саясаттанушылар айтатын 36-37 жылдар емес, оның алдында яғни жергілікті байырғы тұрғындарға әсіресе бай-ауқатты шаруаларға қарсы күш көрсету, соларды қуғын-сүргінге салу. Сондай-ақ, 1926 жылы Қазақстан аумағында жүргізілген егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу; 1928 жылы ірі байлардың және жартылай байлар мен кулактардың мал-мүлкін тәркілеу, одан кейін жаппай ұжымдастыру, зорлап отырықшыландыру кезінде ол өзінің айқын көрінісін берді. Сондықтан да қуғын-сүргіннің бір бағытын осы қазақ шаруаларына қарсы жүргізілген саясатпен байланыстыру керек.

Мен өз басым және мен білетін көптеген тарихшылар мұны көптен күткен едік. Егер де біз тарихымызға құрметпен қарап, ұрпағымызды тарихи сана, тарих арқылы тәрбиелегіміз келсе бүгінгі Президенттің үндеуін өте жоғары бағалаймын".

Мұхатова Оразгүл Хасенқызы
тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір