• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:12:19
Алматы
+35°

Алматы қаласының Наурызбай ауданында тұрғындарға арналған демалыс орындары көп болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев Наурызбай ауданындағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бой көтеретін нысандарды аралау барысында мәлімдеді.

Мұхит Әзірбаев бірінші кезекте «Қарғалы» ықшамауданындағы өзен арнасын қарап шықты. Онда тұрғын үйлерді су баспауы үшін каналдарды қалпына келтіру, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер тротуарларын орнату, балалар мен спорт алаңдарын салу және ескілерін жаңалау, сыртқы жарықтандыру желілерін жүргізу, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

– Бұл ауданның қалаға қосылғанына көп бола қойған жоқ. Мұнда жеке тұрғын үй құрылысы нысандары көп, ал балалар мен спорт алаңдары, тұрғындардың демалатын орындары тым аз. Аудан халықтың игілігі үшін осындай орындарды тұрғызу мақсатында жақсы дайындалды, Егер біз ойымыздағыны түгел сәтті жүзеге асыратын болсақ, онда мұнда тұрғындардың серуендеуіне, жайлы өмір сүруіне, уақытын тиімді өткізуіне арналған демалыс орындары көп болады. Ал қазір біз болашақта осы жұмыстарды қолға алатын мердігерлердің осы ауданның қай жеріне қандай демалыс орындарын салу керектігін нақтылап, тағы бір пысықтап жатырмыз, – деді Мұхит Әзірбаев.

Сондай-ақ, М. Әзірбаев сапар барысында Наурызбай ауданының әкімшілік кешені аумағындағы жөнделіп жатқан сквердің, «Қалқаман» шағынауданындағы жаяу жүргіншілердің серуендеуіне арналған аймақтың жұмыстарымен танысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір