• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:49:52
Алматы
+35°

Даулы Кашмир аймағындағы Ладака елді-мекеніндегі әскери қақтығыс кезінде Қытай әскерлері қолынан 3 үнді сарбазы қаза тапты, деп жазды Zakon.kz.

Қазір екі жақтың әскери шенеуніктері жағдайды реттеу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. 

Қытай СІМ өкілі Чжао Лицзянның айтуынша, 15 маусымда үнді әскери күштері келісімді өрескел бұзған. Заңсыз әрекеттерге барып, екі рет шекарадан өткен. Қытай әскерлерін қолына қару алуға мәжбүрлеп, арандатқан. Соның салдарынан бұл жайт қос тараптың әскери қақтығысына әкеліп соққан. Қақтығыс екі ел арасындағы шиеленіс жағдайында болды.

Үндістан бұған дейін Қытайды "Ладак алқабына мыңдаған әскер жіберді" деп айыптаған. Үндістандық әскерилердің өлімі соңғы екі онжылдықтағы қос державаның қарама-қайшылығы ушыққанда туындаған алғашқы оқиға деп саналады. Осы уақытқа дейін 1962 жылы Үндістан жеңіліске ұшыраған кезде екі ел арасында тек бір рет соғыс болды.

Қытай мен Үндістанның арасында Кашмирдің солтүстігіндегі таулы аймаққа, сондай-ақ Аруначаль-Прадештің солтүстік-шығыс штатында 60 мың шаршы шақырымға иелік ету туралы ұзақ уақыттан бері аумақтық дау бар. Нақты басқару жүйесі Ладак аймағына тиесілі. 1962 жылдың күзінде бұл дау шекара соғысына ұласып кетті.

1993 және 1996 жылдары Қытай мен Үндістан даулы аудандарда бітімгерлік келісімге қол қойды. Соңғы жылдары екі ел арасындағы ең ірі қарама-қайшылық 2017 жылдың жазында болды. Бұл кезде Қытайдан келген жұмысшылар Қытай, Үндістан және Бутан шекараларының жақын маңдағы таулы аймақта орналасқан Доклам үстіртінің үстінен тасжол сала бастады. Содан кейін Бутан билігі наразылық білдірді, бұны Қытай жағы елемеді. Осыдан кейін Үндістан бұл мәселеге араласты: оның әскерлері мемлекеттік шекарадан өтіп, қысқа қақтығыстардан кейін ҚХР әскери күштерін үстірттен әкеткен. Бірнеше айдан кейін, бірқатар кеңестерден кейін Үндістан мен Қытайдың сыртқы істер органдары Докламда әскери күштерді орналастыру туралы келісімге келгендерін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Үндістан соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір