• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:05:38
Алматы
+35°

Қытай билігі Бейжің қаласына жақын маңдағы 400 мың тұрғынды карантинге жапты. Коронавирустық шектеулер Қытай астанасына жақын орналасқан Хэбэй провинциясының Анцин уезінде күшіне енген. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

BBC-дың ақпаратынша, Қытай шенеуніктері жексенбі күні Анцинді «толықтай қоршап, бақылауға алатынын» мәлімдеген. Тек қажетті жұмысшыларға үйлерінен шығуға рұқсат етілген, әр отбасының бір мүшесіне күніне бір рет қажеттіліктер үшін дүкенге шығуға рұқсат берілген.

Тұрғылықты емес тұрғындарға ғимараттарға, қауымдастықтарға немесе ауылдарға кіруге тыйым салынған. Билік ережені бұзған кез келген адамды полиция жазалайтынын ескертті.

Анцин Пекиннің оңтүстігінде 150 км қашықтықта орналасқан. Аудан Қытайдың ірі қалалық орталықтарымен жақын орналаспаған, сондықтан жергілікті денсаулық сақтау мамандары вирустың таралуын тоқтатуға болады деген оптимистік пікірде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір