• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:28:47
Алматы
+35°

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Covid-19 ауруына шалдыққандардың статистикасы жөнінде айтып берді.

Шығыс Қазақстан облысындағы ауруханалар 30 пайызға толды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

Шығыс Қазақстанда 1 маусымнан бастап коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны 17 есеге (135-тен 2313-ке дейін) артқан. Бүгінгі күні 1242 (54%) науқастан вирустың клиникалық белгілер анықталған. Қалған 1071 (46%) адамда коронавирустық инфекция ешқандай белгісіз тіркелген.

Инфекциядан жазылғандар да бар. Осы күнге 1122 адам (48,5%) дертінен айықты. Оның ішінде 505-і стационарда, 617-і амбулаториялық ем алған.

Қазіргі уақытта 1191 тұрғын стационарда ем алуда. Соның ішінде 537-і инфекциялық стационарда, 654-і провизорлық немесе амбулоториялық стационарда емделіп жатыр.  Пациенттердің жағдайы тұрақты.

Айта кетейік, шектеу шараларының нәтижесінде Семейдегі ауру көрсеткіші 1,5 есеге төмендеді. Дәл осындай нәтиже шілде айының орта шенінде Өскеменде де күтілуде.

ШҚО ақпарат орталығы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір