• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:52:53
Алматы
+12°

Трамп жүз миллионға жуық қытай азаматына санкция салмақ. Санкцияға Қытай коммунистік партиясының жоғары лауазымды тұлғаларынан бастап, олардың балалары, отбасы мүшелері, тіпті, бизнес өкілдері және ондаған миллион қытай азаматы енуі мүмкін. Бұл туралы Қамшы тілшісі Нью-Йорк Таймс газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп әкімшілігі Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) лауазымды мүшелері мен олардың отбасы мүшелеріне АҚШ-қа сапарлауға тыйым салуды қарастыруда, – деп хабарлаған Ақ үйге жақын ақпарат көздері.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кайли Мак Енани журналистерге АҚШ Қытайға қатысты барлық нұсқаларды қарастыратынын мәлімдеген.

Қытай басшысы Си Цзиньпин басқарған коммунистік партияда 92 миллионнан астам мүше бар. Партияға Қытай билігінің құзар шыңындағы адамдар мен әдеттегі қызметкерлер мүше болған. Ал бұл санкция – Қытай қоғамының үлкен бөлігін ұстайтын 92 миллионнан артық адамға, тіпті, Бейжің коммунистерінің отбасы мүшелерін қоса есептегенде, жүз миллионнан астам адамға тыйым салу болып саналады. 

Ақпаратты алғаш болып жариялаған Нью-Йорк Таймстың пікірталастары бойынша, бұл Вашингтонның Бейжіңмен арадағы араздықтың ең қатаң әрекеттерінің бірі болуы мүмкін. Кейбір сарапшылар жүздеген миллион қытайға виза беруден бас тарту туралы шешім бар екенін айтса, кейбірі мұны "жаңа қырғи-қабақ соғысының басталуы" деп түсіндіруде. 

– Мұндай санкция жүзеге асырылса, Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары деңгейінен бастап әртүрлі деңгейіне дейін соққы беріледі, – дейді Reuters агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, бұған тек қана дипломаттар ғана емес, сонымен бірге бизнес-менеджерлер де кіреді.

– АҚШ-тың көптеген агенттіктеріндегі шенеуніктер Коммунистік партия мүшелері балаларының Америка университеттерінде оқуына тыйым салу туралы мәселені қарастыратын процеске қатысады,–дейді талқылау туралы ақпарат таратқан дереккөздер.

Мұндай тыйымның қалай талқыланып жатқаны Трамптың көмекшілері бәрін дайындаған кезде жариялануы мүмкін. Себебі Қытайға қарсы қатаң тақырыптарды Трамп өзінің қараша айындағы қайта сайлау науқанына бағыттайды.

Трамп пен президенттіктен үміткер демократ Джо Байден екеуі Қытайға қарсы қатаң саясаттан бір-бірінен асып түсу үшін бәсекеге түсуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Қытай миллион

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір