19 Шілде, 2020 NEWS

Иран электр станциясында жарылыс болды

AFP

Иранның электр станциясында жарылыс болды, деп хабарлады елдің ресми жаңалықтар агенттігі.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, орталық Исфахан провинциясындағы жарылыстан адам шығыны болмаған.

Исфахан энергетикалық компаниясының басқарушы директоры жарылысқа трансформатордың тозуы себеп болғанын айтты.

Салдарынан электр қуаты екі сағатқа үзілген.

Маусым айының соңынан бастап Иранның әскери, ядролық және өнеркәсіптік нысандарының айналасында бірнеше жарылыс пен өрт болған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір