• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:54:26
+35°

Алматыда 1300-ден астам адам Qurban-2020 онлайн платформасы арқылы құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Бостандық ауданының Байкен мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев хабарлады.

– Бүгінгі таңда 1305 адам құрбандыққа шалынған етті онлайн платформа арқылы алуға өтініш білдірген,– деді Данияр Жұмабаев.

Оның айтуынша, қала тұрғындарынан құрбандыққа 49 қой, 18 ешкі және 8 басқа малды шалуға өтініш түскен. Құрбан шалынған еттер мұқтаж жандарға таратылып беріледі.

Құрбандық шалуға және мұқтаж, аз қамтылған тұрғындардың өтініштерін алу сайтта 24-30 шілде аралығында жүргізіледі.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында құрбан айт мерекесіне құрбандық шалу онлайн форматта өтеді. Құрбан шалуға және сойылған құрбандық малының етін алуға өтініш беру үшін Qurban-2020 онлайн платформасы құрылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір