29 Шілде, 2020 NEWS

ШҚО-да 3,5 мыңға жуық дәрігерлер қосымша төлемақы алды

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Шығыс Қазақстанда коронавируспен күресте жұмылдырылған 3479 денсаулық сақтау саласының қызметкерлері маусым айында жалақыға қосымша төлемақы алды.

Аталмыш төлемақы үш топ бойынша төленбек. Қауіпті аймақта науқастармен тікелей жұмыс жасап жүрген 364 дәрігер бірінші топқа енсе, екінші топта 1 169 және үшінші топта 1946 қызметкер тіркелген.

Сондай-ақ жалпы қызметкерлер қатарына 453 жедел жәрдем көліктерінің қызметкерлері де кірген.

Маусым айында төлемақы үшін республикалық бюджеттен 493 482 499 теңге қаражат бөлінген.

ШҚО ақпарат орталығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір