• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:33:31
Алматы
+35°
Шығыс Қазақстанның дарынды балалары әлемді білімдерімен мойындатқаны жөнінде аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен тамыз конференциясы барысында  айтылды.
Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, облыс оқушыларының командасы Шығыс Қазақстанның атын халықаралық және республикалық олимпиадаларда абыроймен қорғап жүр. 2019-2020 оқу жылында интеллектуалдық сайыстарға қатысушылар 106 медальді иеленген. Оның ішінде 36 алтын, 31 күміс, 39 қола медаль бар. Соның 35-і халықаралық сайыстардың еншісіндегі медаль. Еуропадағы халықаралық олимпиадаға қатысып, физика пәні бойынша бағын сынап, Қазақстанның намысын қорғаған Семейдегі облыстық мамандандырылған білім-инновация лицейінің 11 сынып оқушысы Расул Мағауин алтын медальді иеленді. Ол көптеген халықаралық олимпиадалардың жүлдегері екенін айта кеткен орынды.
Фото: ШҚО ақпарат орталығы
Сондай-ақ мектептер халықаралық жобалар мен байқауларға қатысады. БҰҰ мен Экология, геология және  табиғи ресурстар министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған
«Менің Эко-Мектебім» атты республикалық байқауға қатысқан Семейдегі №3 мектеп-кешені рейтинг бойынша жоғары балл жинап, ҚР-дағы Жапония елшілігінің 23 млн теңге көлеміндегі халықаралық қайтарымсыз грантын ұтып алды. Бүгінгі күні №3 орта мектеп өңірдегі қанатқақты алаңға айналды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір