04 Қыркүйек, 2020 Барлық аймақтар

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның қатысуымен зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады

2020 жылғы 4 қыркүйекте «Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның қатысуымен зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын талқылады.

фото: @aqparatqogam

Дөңгелек үстел отырысына  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Кәрібай Мұсырман, «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, журналистика ардагерлері Намазалы Омашұлы, ақын-жазушылар Несіпбек Айтұлы, Қарағызұлы Бауыржан, Дәулеткерей Кәпұлы, Оңайгүл Тұржан, Роза Мұқанова, саясаттанушы Құанышев Жапсарбай, тарихшы Аяған Бүркітбай, Евразиялық ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдыков, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Умаров, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғара 
қатысты.

Сонымен қатар Zoom конференциясы арқылы Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалдарының басшылары, облыстық газетінің бас редакторлары аталмыш шараға қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева 11 бағыттан тұратын Жолдаудағы ең басты бағыт елдің әл-ауқатын жақсарту екенін,  сондай-ақ кезекті Жолдау ел дамуына жаңа серпін беретінін айтып өтті.

"Жолдау аясында ұйымдастырылатын шаралардың барлығы да қарапайым халықтың ертеңі үшін. Індет басталғалы еліміздің салт-дәстүрінде түрлі өзгерістер болып жатты. Оның жақсы тұстары да, жаман тұстары да бар. Ең жақсы тұсы - біз осынау қиын-қыстау заманда бір ұлт болып қалыптасқанымызды көрсеттік. Қайрымдылық, бір-бірімізге деген бауырмалдық, жомарттық деген үлкен қасиеттерімізді таныта білдік» – деді Аида Балаева.

Жиын барысында сөз алған Мәжіліс депутаты Дархан Қамзабекұлы әр Жолдау реформаларды жүзеге асыру үшін жасалатынын атап өтті.

«Президенттің кезекті Жолдауында сабақтастық бар. Өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан 5 жыл бұрын Елбасы көтерген мәселелердің көпшілігін әрі қарай жүзеге асырудың жолдарын ұсынды. Президент Жолдауда "кеш қабылданған шешімнің өзі жай ғана зиян емес, ол ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіреді" деді. Біздің бүгінгі жиын да өте дер кезінде жасалып отыр. Әр депутаттың тиімділігі болуы керек. Сонда ғана жақсы сапалы заңдар болады» - деді ол.

Жиыннан соң Аида Балаева «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшілерімен кездесті. Басылымның атқарып жатқан жұмысына оң баға берген министр ұжымға министрліктің атынан автокөлік сыйға тартты. 

@aqparatqogam

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір