15 Қыркүйек, 2020 NEWS

Алакөл аудандық орталық ауруханасына кәсіпкерлерден көмек көрсетілді

Фото: Алматы облысы ақпарат орталығы

Алматы облысы Алакөл аудандық орталық ауруханасына «Даулеттен» және «Добровольное Общество Милосердия» қайырымдылық қорлары атынан  көптеген көмек көрсетілді

Қазіргі таңда әлем халқын әбірге салып, Қазақстанды да қыруар қаржылық және адами шығынға батырып жатқан пандемияға қарсы жұрт болып күресуіміз – ең тиімді жол болып отыр. Себебі тамырын терең жайып келе жатқан індетке балта шабу бұл жекелей мекемелердің ғана емес, жалпы адамзаттық борыш деп санаймыз.

Осындай қиын кезеңде өзінің азаматтық позициясын танытып, қарапайым халыққа және алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге көмек қолын созуға және түрлі қажетті құрал-жабдықтар алуға септігін тигізіп жүрген жерлестеріміз де көбейіп келеді. Бұл бір жағынан коронавирусқа қарсы шаралар жалпыұлттық сипат алды деген сөз. Жуырда «Даулеттен» және «Добровольное Общество Милосердия» қайырымдылық қорларына атынан Алакөл аудандық орталық ауруханаға көптеген көмектер көрсетілді. Айта кетсек, «Даулеттен» қайырымдылық қоры атынан Алакөл ауданына кислародты концентратор және «Добровольное Общество Милосердия» қорынан 1500 дана қорғаныш экрандары, 800 дана респираторлы маска, 300 дана медициналық қорғаныш халаттары және 60 қорап үш қабатты бетпрделер табысталды.

Осы ретте барша алакөлдіктер мен аурухана ұжымы атынан жоғарыда аталған қайырымдылқ қорларына үлкен алғысымыз бен рахметімізді жеткіземіз. Ел басына күн туған, осындай қиын-қыстау кезеңде халықтың қамына қарай жасап жатқан істеріңізге сәттілік серік болсын.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір