• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:05:27
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев реновация бағдарламасы аясында мыңдаған қала тұрғынының өмір сүру сапасын жақсарып, құрылыс саласына инвестиция тартылатынын айтты.

Қалада 1444 ескі үй бар. Соның 609-ы Түрксіб ауданына тиесілі. Мұнда "Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" 62 пәтерге арналған 5 қабатты екі үй тұрғызды. Үш ескі үйдің (42 пәтер) орнына инвесторлардың күшімен 152 пәтерлік 7 үй бой көтереді. Осипенко көшесінде 59 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ жеке инвестордың есебінен ескі екі қабатты 30 үйдің орнына 1252 пәтерге арналған 26 заманауи бес қабатты ғимарат салу жоспарлануда.

Медеу ауданында 21 пәтерге арналған ескі үш үйдің орнында 303 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталуда. Жетісу ауданында 70 пәтерлі 8 ескі үйдің орнына инвесторлардың күшімен 489 пәтерлі 7 үйдің құрылысын жүргізу көзделген" делінген әкімнің instagram парақшасындағы жазбада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір