• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 11:52:15
Алматы
+23°

24 жастағы ер адам кепілге салынған жылжымалы және жылжымайтын мүлікке арналған банк аукциондарына қатыстырамын деп туыстары мен достарын алдап, үлкен сомадағы ақшаларын алып кеткен. Бұл туралы polisia.kz хабарлады. 

– Күдікті И. мырзаның өзі банктермен ешқандай байланысы болмаған, бірақ аукционның жүйесінен аз да болса хабардар. Ол өзінің құрбандарын үйді немесе көлікті тиімді түрде нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатып алуға болатындығына сендірді. Әрине, бұл үшін қаражат қажет болды. Кейбір ықтималды клиенттер бірден бірнеше мүлікке ие боламыз деп үміттенген. Мысалы, жәбірленушілердің бірі оған 182 миллион теңгені сеніп тапсырды, тағы бір аңғал азамат бұл іске 386 мың АҚШ долларын тапсырды, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Еркін Іңкәров.

Бүгінде келтірілген материалдық шығын мөлшері шамамен миллион доллар. Айыпты бұл ақшаға өзіне екі пәтер, жаңа көлік сатып алыпты, шетелде демалған.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бөлімі 190-бабы – ірі көлемдегі алаяқтық бойынша айыпталып болып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алаяқтық Қылмыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір