• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:25:25
Алматы
+35°

7 қазанда Ресейдің Рязань облысы Желтухино ауылының жанындағы оқ-дәрілер қоймасында өрт шығып, жалын сол жерде сақталған снарядтардың жарылуына әкеп соққан, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Батыс әскери округі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғадан аз уақыт бұрын әскери бөлім аумағында шөп өртенген, ал қатты екпінді жел өртті артиллериялық оқ-дәрілер сақталған алаңға айдаған.

Әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру бөлімінің күштерімен өртті сөндіруге тырысқан, бірақ жалынды алауыздықтау мүмкін болмады.

Ресей, Рязань облысы

Бөлім аумағынан қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жеке құрамы эвакуацияланды.

Көп ұзамай ТЖМ мамандары жанып жатқан қоймалардан бірнеше шақырым радиуста орналасқан ауыл тұрғындарын эвакуациялай бастады. Ресми мәліметтер бойынша, 2 300-ден астам адам шығарылған.

Оқ-дәрілерден шашыраған бөліктер әскери бөлімнен үш шақырым жерде орналасқан Кузьминки-2 ауылындағы шөпке түсіп, ол жерде де өрт шыққан.

Өртті сөндіруге ТЖМ қызметкерлері, сондай-ақ ондаған әскери қызметкер, арнайы әскери техника және екі өрт танкісі мен брондалған өрт сөндіру автомобильдері жұмылдырылған. Сонымен қатар, ТЖМ оқиға орнына өрт пойызын жіберіп, Ил-76 ұшағы мен екі Ми-8 тікұшағын дайындыққа алып келді. Сондай-ақ өртті сөндіру үшін арнайы роботтар қолданылады. Төрт ИЛ-76 ұшағы оқиға орнына және қорғаныс министрлігіне жіберілді.

Төтенше жағдайлар қызметіндегі ТАСС дереккөзінің айтуынша, екпінді жел отпен күресті қиындатқан. Өрттің таралуы жалғасуда. Жарылыс әр 20 секунд сайын болып жатыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ресей рязань жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір