• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:20:23
Алматы
+35°

Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Қажығұлұлы қазіргі уақытта ауылдарда интернет сапасының нашарлығын айтып, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинға сұрақ қойды.

– Сіздердің мәліметтеріңіз бойынша ауылдық елді мекендердің 69 пайызы интернет желісімен қамтамасыз етілген. Біз ауылдық аймақтарды дамыту бойынша алдымыздағы 23-ші қазанда болатын парламенттік тыңдаудың аясында, сол ауылдарда арнайы сауалнама жүргіздік. Респонденттердің біреуі де ауылда интернеттің сапалы істеп тұрғанын айтпады. Енді қашан бұл ауылдарда сапалы интернет болады? Нақты жауап берсеңіз, – деді ауыл шаруашылығы министрі.

Министр Бағдат Мусиннің айтуынша, бүгін 1200 ауылға интернет желісі тартылған.

– Ол бәсекелестік орта. Біз министрлік болып оған барып интернет беріп жатқанымыз жоқ. Лицензия, радожіліктерді бердік. Ал, оларды бақылау үшін тиісті құзыреттілікке өзгерістер енгізу қажет. Бақылау нормаларын күшейту керек. Егер де интернет ұстап тұрса, оны бар деп санауға мәжбүрміз. Біз оларға айыппұл да бере алмаймыз, мәжбүрлі әрекеттер де қолдана алмаймыз. Сондықтан бірінші заңға өзгерістер енгізу қажет. Екіншіден, сіз қашан деп сұрап жатырсыз. Ол кезең-кезеңмен болатын нәрсе. Бүгін 1200 ауылға оптика жетті. Оптикалық интернет – ең жақсысы. Ал, басқа ауылдар да оптика жоқ. Сондықтан оптика жоқ жерде сапаны көтеру мәселесін қолға алу қиын болады. Қазір 1200 ауылға оптика жеткізуде 75 млрд теңге кетті. Әрі қарай барлық жерге оптиканы тарту үшін тағы 200-300 млрд теңге қаражат керек. Сондықтан бұл салада нақты шаралар жоспары бар. Бірақ қаладағыдай сапасы жақсы болуы үшін барлық жерге оптика қажет, – деп атап айтты Мусин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір