• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:56:46
Алматы
+35°

"Түркия жұмада Ресейде жасалған әуе қорғаныс жүйесін сынап, зымырандарды қолданды" деп мәлімдеді Америка Құрама Штаттарының ресми өкілі. Нью-Йорк Таймстың ақпаратынша, бұл әрекет Трамп әкімшілігімен келісімді бұзып, конгресстің Түркияға санкциялар салу қаупін төндіреді.

Түрік әскерилері Қара теңіздегі Синоп провинциясында "S-400" деп аталатын әуе қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді, мұны "A Haber" теледидары алдымен хабарлады және кейінірек аты-жөнін айтпауды өтінген АҚШ шенеунігі растады. Рейтерс таратшан бейнероликте ақ түтін ізі аспанда қалқып жүргені көрінген.

Түркия үкіметі тарапынан сынақтың басталғаны туралы ресми растау болған жоқ. Бірақ бұл жаңалықты терістемеді де. Түркия зымырандарды Синопқа қарай жылжытқаны байқалған және жақын арада бірнеше сынақ өткізу үшін жағалау маңындағы әуе кеңістігі мен суларды шектейтін хабарламалар жасалған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өткен жылы Ресейден жетілдірілген "S-400" жүйесін сатып алған. Дегенмен бұл әрекет Түркияның НАТО-дағы одақтастары мен АҚШ-тың шамына тиген. Бұл жүйе америкалық "F-35" жасырын бомбалаушы ұшақтарына және батыстың басқа дамыған қару-жарағына қарсы тұруға бағытталған. Батыстық әскери шенеуніктер "Түркияның зымыранды қолдануы жақын маңдағы НАТО ұшақтарына қауіп төндіреді" деп шағымдануда.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір