Жезқазғанда 19 қазан күні той жасағандар мен мейрамхана иесі жазаланады, деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.

Сайт мәліметінше, 19 қазанда Жезқазғанда қазақстандық әнші Қуандық Рахымның үйлену тойы туралы мәлімет тарады. Шараға әнші мен оның қалыңдығының жақындары ғана емес, әріптестері де келген. Олардың қатарында Төреғали Төреәлі, Дидар Қамиев, Нұрболат Абдуллин және басқалары бар.

Қарағанды облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айгүл Шатекова тойдың иесі мен мейрамхана иесі жазаға тартылатынын айтты.

– Жезқазған қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 19 қазанда "Ұлытау" мейрамханасында жүзге жуық адам қатысқан үйлену тойы өткенін хабарлайды. Материал Жезқазған қаласының полиция басқармасының есеп кітапшасына тіркелген. Жеке кәсіпкерік иесі мен іс-шараның иесі жауапкершілікке тартылады, – деді ол.

Фото: Төреғали Төреәлінің Instagram парақшасынан алынды

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір