Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюповты пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы "Мой город" газеті хабарады. 

Басылымның жазуынша, параның мөлшері шамамен жеті миллион теңгені құрайды. Басқарма басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Каюповқа қатысты тергеу басталды деген қауесет көптен бері айтылып келеді. 7 қыркүйекте басылым мән-жайды түсіндіруді сұрап, ресми сауал жолдаған. Басылымға берілген жауапта облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілмей жатқаны айтылған.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқарма басшысының ұсталғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, тек кез келген ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін атап өтті.

Ілмек сөздер: БҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір