Екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция қызметкерлері алкогольдік немесе мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 108 адамды жауапқа тартты. Олардың тоғызы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Телеграм арнасында жазды.

– Егер жолдағы камералар мұндай машиналарды анықтаса, олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкерлеріне түседі. Сергектің  мүмкіндіктері "қауіпті автокөлікті" жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді. Әрі қарай, мұндай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады, – деді Малика Бектұрова.

Мадина Бектұрованың айтуынша, иелері жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралдарының нөмірлерін енді жүйе анықтайды.

Ілмек сөздер: Астана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір