25 Қараша, 2020 Спорт
Фото: tengrinews.kz
Бокстан орта салмақтағы IBO және IBF чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда өткізеді. Бұл туралы Dazn сервисі instagram парақшасы мәлімдеді.
GGG поляк боксшысы Камил Шереметаға қарсы IBF титулын қорғайды.
"Үлкен драма-шоу 18 желтоқсанда оралады" делінген жазбада.
Головкин де Instagram парақшасында рингке қайта оралғанын жариялап, титулды 21 рет қорғауға бара жатқанын атап өтті.
Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек Холливуд қаласындағы (Флорида, АҚШ) Hard Rock Holly қонақ үйінде өтеді.
Алдыңғы жекпе-жекті Головкин өткен жылдың қазан айында Нью-Йоркте өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір