"Армения премьер-министрі  Никол Пашинян Қарабақты Әзербайжанның бөлігі ретінде мойындаған құжатқа қол қойды.  Пашинянның  қолында Армениядағы  қосымша кей аумақтарды Әзербайжанға беру туралы құпия келісім бар". "Разминфо" сайтының үйлестірушісі, армяндық сарапшы Карен Вартанесянның мұндай пікірін AZE.az сайты жариялады.

Никол Карабақты Әзербайжанның бір бөлігі деп таныған құжатқа қол қойды. Енді Әзербайжанда мұнайдан басқа да ең қуатты алтын кеніштері болады. Баку халықаралық сотқа өтемақы төлеу туралы талап арызбен жүгінген. Бұл жағдайда Арменияның мүмкіндігі бар деп ойлайсыз ба? Ешқандай мүмкіндік жоқ! ,– деп атап өтті сарапшы.

Вартанесянның айтуынша, жақын арада армян қоғамы "Арменияның бірқатар аймақтары да Әзербайжанның құрамына кіреді" дегенді еститін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір