• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:35:45
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді мақтан тұтып, олардың істеріне ризашылық білдіретінін жеткізді. Бұл туралы twitter парақшасында жазды.

"Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлар күні атап өтілуде. Олар, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Осы жылды волонтерлар жылы деп жарияладым" деп жазды мемлекет басшысы.

Тоқаев еріктілердің пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығын білдіретінін жазды.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!" деді президент жазбасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев еріктілер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір