07 Желтоқсан, 2020 NEWS
Фото: primeminister.kz
Қазақстанның бас санитар дәрігері, денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.
2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысының 8-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, босануға серіктес кіруге рұқсат етіледі. Серіктесте ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы керек. Алайда тестің нәтижесі 3 күннен аспаған болуға тиіс.
Сондай-ақ бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына да өзгертулер енгізілді. Қаулыда Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келгендерге, теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдары арқылы келген адамдарға қатысты шектеу шараларына өзгерістер енгізілді.
Қаулыға сәйкес:
– ертіп жүретін адамдарда Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстанның үкімет делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар анықтама ұсынуға міндетті;
– ертіп жүретін адамдарда Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстанның үкімет делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, барлық келген адамдар анықтама ұсынуға міндетті.
Қаулыға сәйкес, Қазақстан шекарасына авиарейс, теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен келген жолаушылардың дене температурасы тексеріледі. Егер дене температурасы жоғары келсе, анықтамасы болғанына қарамастан, инфекциялы стационарда оқшаулауға жатады.
Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір