• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:11:53
Алматы
+35°

Алматының ХІІ Азаматтық форумының панельдік сессиясында әкімшілік пен азаматтық қоғам арасындағы диалог алаңын дамыту мәселелері талқыланды. Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров үш панельдік сессиялардың жұмысына қатысты.

Сессияның модераторлары ретінде белсенділер Аида Әлжанова мен Ирина Виговская қатысты. Талқылау барысында Ержан Бабақұмаров әлеуметтік мәселелерді анықтау мен шешудегі, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүргізудегі азаматтық қоғамның маңызды рөлін атап өтті.

Стратегиялық сессияның мақсаты — қоғам өкілдері ұсыныстары негізінде әлеуметтік саладағы проблемалардың шешімдерін іске асырудың 2023 жылға дейінгі жоспарын әзірлеу.

«Азаматтық форум алаңындағы пікірталастар атқарылған істерді талдауға және келешегімізді анықтауға көмектеседі. Стратегиялық сессия фасилитация форматында өткізіліп жатқанын жеке атап өткім келеді. Мұндай формат бізге әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды тақырыптарында ашық сөйлесуге, қоғамды, жалпы қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылауға көмектеседі деп сенемін», — деп атап өтті Е. Бабақұмаров.

Өз кезегінде, азаматтық белсенділер, ҮЕҰ өкілдері қалалық қана емес, республикалық деңгейдегі жаңа міндеттерге байланысты мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Форум барысында экология, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және цифрландыру салалары бойынша қала алдында тұрған міндеттерді шешу мақсатында жергілікті атқару органдары мен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестіктің маңызды мәселелері көтерілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір