Алматыда жарылғыш зат (гранат) табылып, полиция айналасында орналасқан жеке сектордағы үйлерді қоршауға алды. Кейінірек табылған гранат жауынгерлік емес болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Оқиға екі күн бұрын болған. Интернетте оқиға орнындағы видео жарияланды. Кадрлардан оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатқаны көрінеді. 

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Наурызбай ауданында болған.

– Табылған гранат жауынгерлік емес. Оның нақты шығу тегі мен сәйкестігі арнайы сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Бұл факт сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізімінде 287-баптың 3-бөлігі бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелген, –  деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін 5 қаңтарда Алматыда полицейлер Достық даңғылы мен Оспанов көшесі аймағын қоршауға алған болатын. Куәгерлердің айтуынша, сол жерде криминалистер, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, тіпті әскери адамдар болған. Кейінірек Алматы қаласы ДП-ның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. "5 қаңтарда сағат 16.45-те Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына Достық даңғылындағы аялдамадан гранатаға ұқсас зат табылғаны туралы үрейлі хабарлама түсті" делінген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Гранат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір